Үржарда ұзақ жылдар бойы бос тұрған ғимарат спорт кешеніне айналды



Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында бұрыннан бос тұрған ғимарат спорт кешеніне айналды.

Енді шалғайдағы Науалы ауылының балалары дзюдо, күрес және футбол сияқты спорт түрлерімен айналыса алады.

Ұзақ жылдар бос тұрған ғимарат қазір адам танымастай өзгерген. Күрделі жөндеу жұмыстарына 23 миллион теңге жұмсалыпты. Білекті азаматтар мен тұрғындар бірлесіп, осындай игі шаруаға мұрындық болды. 35 жылға жуық ауыл балаларын жаттықтырып келе жатқан Дәулет Қазбек жаңа спорт кешені барлық талапқа сай екенін айтады.

Үржарда ұзақ жылдар бойы бос тұрған ғимарат спорт кешеніне айналды: 1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *